2022 жылғы 28 ақпан күні УК-161/12 мекемесінің кадр саясат бөлімі ұйымдастыруымен мекеменің жеке құрамның өмірге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің имамы Бақытбай Нұрхан Асанұлы шақыртылып, лекция жүргізді.
Лекция барысында имам өзінің ойымен бөлісе отырып қызмет барысында жұмыстарына адал, абыройлы, жауапкершілікпен қарау керектігін түсіндіріп, ислам дінінде рұқсат етілмегендей суицид жасамауды, яғни оның өте ауыр күнә екендігін, адам өз өмірін бағалауды, өмірге деген көзқарасын өзгертіп мейлінше жақсы ойлап өміріміздегі қандай да бір қиындықтарға мойымай күресе білуге үгіттеді. Алкогольдік ішімдікпен, түрлі азарттық ойындармен сондай-ақ, басқада жаман қасиеттерден аулақ болуы жөнінде лекция жүргізілді.