
Арқалық қаласының әкімдігінде "Адалдық алаңы" алаңында сот сотталушының жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шағымын қарады.
Жазаны өтеу кезінде ол өзін жағымды жағынан көрсетті, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзбады, әкімшілік жауапкершілікке тартылмады,іс жүргізу шығындарын толық төледі.
ҚК-нің 72-бабы 3-бөлігінің 1) тармағына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату сотталған адам онша ауыр емес қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Іс материалдарын зерделеп, сот сотталған адамды жазасын өтеуден өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босата отырып, өтінішхатты қанағаттандырды.