
Арқалық қалалық соты "онлайн" режимінде Арқалық қаласының пробация қызметінің бас бостандығын шектеуге сотталған Е .М. қатысты жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.
Пробациялық бақылау кезеңінде ол жазаны өтеу тәртібін бұзды, пробациялық бақылаудың елеусіз мерзімі ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасады, пробация қызметі тарапынан жүргізілген профилактикалық жұмыстар мен бірнеше рет ескертулерге әрекет етпеді, бұл сотталушының түзету жолына түсуге құлықсыздығын көрсетеді. Арқалық қаласы сотының қаулысымен сотталған Е.М. бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылды. сотталғанға