Түзеу мекемесінің қызметкерлері зейнеткердің ауласын қардан тазартуға көмектесті

Түзеу мекемесінің қызметкерлері зейнеткердің ауласын қардан тазартуға көмектесті

Бұл қайырымдылық акциясы жыл сайын колония жеке құрамы арасында өткізіледі. Жастар тұрақты түрде қарт адамдарға көмек көрсетеді. Еріктілер әдетте үй аумақтарын қардан тазартады, үйлерді тазалайды және т.б.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/12 мекемесі" РММ кадр саясаты бөлімі №4 ауысым қызметкерлерімен бірге мекеме қызметкері Қуанышкүл Шабданқызы Шабданованың аумағын қардан тазартты.

Өз кезегінде зейнеткер үлкен алғысын білдіріп, балаларға денсаулық тіледі.