"УК-161/2 мекемесі" РММ базасында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қ.а. Есеновтың төрағалығымен мекеме аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен жұмыс кеңесі өтті.
Жұмыс кеңесін өткізу барысында сотталғандардың жалақысын көтеру, сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құру, жаңа кәсіпкерлерді тарту үшін өнеркәсіптік аймақты дамыту мәселелері қаралды.
Бүгінгі таңда мекемеде 304 сотталған жұмысқа орналастырылды.