ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/2 мекемесі" РММ 10.02.2022 жылы сотталғандарды босатуға дайындау мақсатында пенитенциарлық пробацияға түсетін сотталғандардың Қостанай қаласының пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Н.М. Жаркенмен кездесуі ұйымдастырылды.
Аталған кездесуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жеке бағдарламалар жасалды, онда пробация қызметінің жәрдемдесуі қажет болатын сәттер көрсетілді. Бостандықтан айыру орындарынан босату кезінде еңбекке және тұрмыстық орналастыру тәртібін, әлеуметтік-құқықтық көмек алу көлемі мен тәртібін реттейтін заңнаманы босатуға дайындалатын адамдарға түсіндіру бойынша әңгіме өткізілді. Құқықтар мен бостандықтарды іске асыру мен қорғаудың қолданыстағы құқықтық тетіктері туралы хабардар етілді. ҚР ҚАК 166-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотталғандармен оларды босатуға дайындау мақсатында ұйымдастырушылық-тәрбиелік іс-шара өткізілді, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.