Сапар мекеме бастығы әділет подполковнигі Қабдикаримов Нұрбек және тәрбие бөлімінің бастығы әділет капитаны Қанафин Асланның сүйемелдеуімен жүзеге асырылды.
Арнайы келудің мақсаты сотталғандарды ұстау жағдайларын, мекемеге мониторинг жүргізу, сотталғандарға қатысты азаптаулардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Құрамында АҚЖКБ Қостанай филиалының заңгері Жук Елизавета Юрьевна және "Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы"ҚҚ президенті Богатырев Сергей Алексеевич болды.
ҰАТ БҰҰ-ның көрсетілген халықаралық шарттарына сәйкес жасалған азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесін білдіреді.