Сотталғандар арасында терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру дәрістері өтті

Сотталғандар арасында терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру дәрістері өтті

"УК-161/2 мекемесі" РММ – де теологиялық оңалту жұмысының қызметкерлерімен сотталғандарға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігі терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін  жасайды, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөнінде дереу шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізілген адамдар туралы мәліметтерді жібереді. Сотталғандардың назарына бұл қызмет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 (2001ж.) қарарын сақтаумен байланысты Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауды іске асыруға бағытталғандығы жеткізілді. Жеке тұлғаны Тізбеге енгізу үшін негіздердің бірі оны экстремистік және (немесе) террористік қылмыс (пп) жасауда кінәлі деп тану туралы заңды күшіне енген сот үкімі болып табылады. Сонымен қатар, ТОЖ қызметкерлері олардың еңбек демалысын, қызметтік іссапар шығыстарын, жәрдемақыларды, сондай-ақ өзге де әлеуметтік төлемдерді, оның ішінде кредиттерді өтеу (тізбеге енгізілгенге дейін алынған), салықтарды төлеу, коммуналдық, әлеуметтік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу және сақтандыру полисін ресімдеу құқығын түсіндірді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселені түсіндіру бойынша бейнеролик көрсетілді.