Рақымшылық бойынша Қостанай ауданының есепке алынған пробация қызметі босатылды

Рақымшылық бойынша Қостанай ауданының есепке алынған пробация қызметі босатылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты, ізгілік қағидатын басшылыққа ала отырып, 2021 жылғы 07 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" № 81-VII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжат онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны өтеуден босатуға, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқартуға бағытталған.

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына: ардагерлер, кәмелетке толмағандар, әйелдер мен егде жастағы ер адамдарға, I-II топтағы мүгедектерге және азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға ерекше назар аударылды.

Заңға сәйкес, рақымшылық жасайтын адамдар тек негізгі жазадан босатылады.

Егер өзіне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкін адам немесе оның заңды өкілі бұған қарсы болған жағдайда рақымшылық жасау қолданылмайды.

Қостанай ауданының пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған 170 адам тұрады, оның ішінде "рақымшылық туралы" Заңның қолданысына жатады - 50 адам, оның ішінде – 17 адам жазадан босатылуға жатады, - 33 адам жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға жатады.

Осы заңды орындау мақсатында пробация қызметі Қостанай ауданының сотына есепке алынған адамдарға қатысты "рақымшылық туралы" Заңды қолдану үшін 30 материал жіберді.