
Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар бойынша рақымшылыққа қатысты барлығы 100-ге жуық істі сотқа жіберу жоспарланып отыр.
Қ.сотталғанға алаяқтық әрекеттері үшін 2,5 жыл мерзімге жаза тағайындалды. Есепке 2021 жылдың қазан айында қойылды. Рақымшылық жарияланғаннан кейін оның ісі жазадан босату үшін сотқа беру туралы шешім қабылданды.
- Қазіргі уақытта соңғы екі аптада қызметкерлер 45-тен астам материал жіберді. Сонымен қатар, 2021 жылғы 21 желтоқсанда Қостанай қаласы №2 сотының қаулысына сәйкес сотталған қ.рақымшылық жасау туралы заңның қолданылуына байланысты жазасын өтеуден босатылды, - деп түсіндірді пробация қызметі бастығының орынбасары Елена Жүнісова.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.