Әлеуметтік көмекті есепке алынған пробация қызметі көрсетті

Әлеуметтік көмекті есепке алынған пробация қызметі көрсетті

Г. сотталған есепке қою кезінде әйелдің жұмысқа орналасуы қажет екендігі анықталды. Осыған байланысты, пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не мамандықты игеруге көмек, сондай-ақ біржолғы әлеуметтік көмек (жәрдемақы) алу үшін жолдама берді.

Мұнда әйел жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеліп, тұрмыстық қажеттіліктерге бір реттік жәрдемақы төленді.

-Сотталғандарға әлеуметтік - құқықтық көмектің негізгі бағыттары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім алуға, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, медициналық көмекке, құжаттандыруға, тұрғылықты жері бойынша тіркеуге, сондай-ақ құқықтық консультациялармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады, - деп түсіндірді Рудный қ.пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Александр Бачурин. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бұл факт жеке емес.