
ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/11 мекемесі" РММ мен Қостанай облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы арасында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға дәріс өткізілді.
Нашақорлықтың, алкоголизмнің алдын алу және АИТВ-инфекциясының таралуы тақырыбына Қостанай ЖИТС орталығының маманы Серік Кадрон түсіндірме дәріс оқыды.
- АИТВ-бұл емделмейтін ауру, оны ешкім сақтандыра алмайды. Бірақ, салауатты өмір салтын ұстану жұқтыру қаупін едәуір төмендететінін ұмытпаған жөн-деп атап өтті Серік Аузбайұлы.
Дәрістің мақсаты ЖИТС орталығының мамандарына деген сенім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясына қатысты стигманы жою, сондай-ақ есірткіні пайдалануға қарсы іс-қимыл болып табылады
Кездесу соңында барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық брошюралар мен дәптерлер таратылды.