
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімінен кешіктірілмей орындалады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға сот үкімі қоғамдық жұмыстарға тағайындаған жағдайда, атқарушы орган жұмыс істеген уақыттың табелін жүргізіп, пробация қызметіне жазаны өтеушілердің жүріс-тұрысы, жазаны өтеуден бас тартқандары туралы ақпарат беріп отырады.
Қоғамдық жұмыспен жазасын өтеуге күніне 4 сағат кетеді. Ал жалпы жаза мерзімі жүз сағаттан мың сағатқа дейін тағайындалуы мүмкін. Қылмыстың жеңіл түрімен тәртіп бұзғандарды бас бостандығынан айырмай, жазасын еркіндікте өтеу олар үшін өмірін өзгертуге берілетін мүмкіндік. Егер жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда пробация қызметі ескерту жасайды.