Қайырымдылық акциясы аясында тергеу изоляторының қызметкерлері 850 келіге жуық азық-түлік жиынтығын жеткізді

Қайырымдылық акциясы аясында тергеу изоляторының қызметкерлері 850 келіге жуық азық-түлік жиынтығын жеткізді

Бастаманы Қостанай қаласы тергеу изоляторларының жеке құрамы көрсетті. Қызметкерлер "Халық" қайырымдылық қорынан кезекті азық-түлік көмегін көрсету үшін 500 млн теңге бөлген еріктілер қозғалысына қатысты.  Акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған, сондай-ақ алдағы жаңа жылдық мерекелермен байланысты. 

- Акцияның кезекті іске қосылуы туралы естідік-қатысуға шешім қабылдадық. Бұл шын мәнінде пайда әкелетіндерге көмектесу өте маңызды,-деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/1 мекемесі" РММ бастығының орынбасары әділет майоры Жанайдар Жүсіпов. 

Барлығы 17 отбасы қамтылды. Айтпақшы, әрбір "пакет" салмағы 50 кг, онда қажетті өнімдер жиналады: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық кәмпиттер жиынтығы. 

Акцияның өзі ел өңірлерінде 2 желтоқсаннан басталды және "Ел тірегі-Елбасы" қамқорлығымен өтуде