Ер адамға Рудный қаласының пробация қызметінің қызметкерлері тұрғын үймен көмектесті

Ер адамға Рудный қаласының пробация қызметінің қызметкерлері тұрғын үймен көмектесті

Сотталған К. қиын өмірлік жағдайға тап болды. Есепке қою кезінде сотталғанның тұрғылықты жері жоқ екені анықталды. Осыған байланысты Рудный қаласының пробация қызметі Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" КММ-не жолдама берді.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта оған медициналық қамтамасыз етуді, тіркеуді қоса алғанда, толық көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
-Әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету бағыттарының бірі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрғын үйге, медициналық көмекке, тұрғылықты жері бойынша тіркеуге көмек көрсету болып табылады, өйткені біздің уақытта Рудный қаласының пробация қызметінде тұрған адамдардың тұрақты тұрғылықты жері болмаған жағдайлар жиі кездеседі, - деп түсіндірді ведомствода.