
"Қақпадағы кездесу" - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қолдайтын әлеуметтік жоба.
Шақырылған қатысушылар: "Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ басшысы Костенюк Надежда Владимировна, Қостанай қ. пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Байболов Тұрлыбек Нұрмағамбетұлы болды.
- Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінен босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу осы санаттағы адамдар арасында қылмыстың қайталану деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі жолдардың бірі болып табылады, жобаның басты мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері сотталғандарды қоғамға әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау болып табылады, - деп түсіндірді ведомствода.
Кездесу барысында жобаның барлық қатысушылары жақын арада босатылатын сотталғандардың сұрақтарына жауап берді. Сотталған К. жеке кәсіпкерлік бойынша курстардан өтуге қызығушылық танытты. Олар қандай құжаттар қажет болуы мүмкін екенін және қай кезеңнен бастап оқуға кірісуге болатындығын егжей-тегжейлі талқылады.