Қостанай ауданында ер адам алимент бойынша жарты миллион теңгеден астам қарыз

Қостанай ауданында ер адам алимент бойынша жарты миллион теңгеден астам қарыз

Ер адам 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа сотталды. Бір жылдан астам уақыт бойы азамат С.алимент төлеуден жалтарған. Қарыз өсіп, сомасы 500 мың теңгеден асты. Жеке сот орындаушысы заңға сәйкес борышкерге жазаның неғұрлым қатаң түрін ауыстыру туралы ұсыныспен сотқа жүгінді. Сот азамат С. - ға 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа үкім шығарды.

- Сотталған сот үкімі шыққаннан кейін пробация қызметіне есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді, - деп түсіндірді Қостанай ауданының пробация қызметінің бастығы Арлан Аетов.

Қазіргі уақытта жазаны өтеу мерзімі аяқталуға жақын және онымен қатар оны одан әрі әлеуметтендіру бойынша тәрбие және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.