
Жобаның негізгі мақсаты-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсету. Пробация инспекторы сотталғандарға осы жобаның мәні мен артықшылықтарын нақтырақ түсіндірді. "Пробация үйі" жобасы бойынша жүгінген жағдайда, осы қызметті көрсетуді пробация қызметінің инспекторы жүзеге асырады. Сотталғандар біржолғы ақшалай жәрдемақы алуға қатысты сұрақтар қойды, оған пробация қызметінің инспекторы түсіндірді: сотталғанның тұрғылықты жері бойынша "жұмыспен қамту бөліміне" жолдама беріледі, одан кейін "жұмыспен қамту бөлімінің" уәкілетті қызметкері ұсынуға қажетті құжаттар тізбесін береді.
Жобаға қатысқан сотталғандар пробация қызметінің өкілдерімен және учаскелік полиция инспекторларымен кездескені үшін қызметкерлерге алғыстарын білдірді.
Сол күні екі сотталған "шартты-мерзімінен бұрын" санаты бойынша босатылды, бұл сотталғандарды туыстары, жақындары мен достары қарсы алды. Учаскелік полиция инспекторларын есепке қою қажеттілігі туралы түсіндірілді, сонымен қатар әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу фактісі бойынша профилактикалық сипаттағы әңгіме өткізілді.