
«УК-161/2 мекемесі» РММ сотталғандар арсындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы жөніндегі бөлімінің жасақ бастықтарымен «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Рақымшылық» заңының жобасының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар рақымшылық заңының сот үкімімен талаптары, әр түрлі азаматтық талаптары және де жаза өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылығы бар тұлғаларға қолдану тәртібі түсіндірілді.
Әлеуметтік – әлсіз санатына кіретін сотталғандарға тиісті құжаттарды дайындауға және алуға көмек көрсетілуде.
Рақымшылық заңының жобасы барлық жасақтардың құқықтық ақпарат бұрыштарына ілінді.