
Оның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсету. Бұл жоба Қостанай ауданы әкімдігінің, прокуратураның және Қостанай ауданының пробация қызметінің қолдауымен іске асырылды.
- Жазасын өтеп жатқан азаматтар көбінесе әлеуметтік байланыстарын, отбасыларын, үйлерін, жұмысын жоғалтады. Олар бір - біріне күрделі проблемалармен қалып отыр, бұл, әрине, рецидивті қылмыстың өсуіне әсер етуі мүмкін, - деп түсіндірді Қостанай ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Арлан Аетов. Толыққанды көмек көрсету үшін бұл жоба іске қосылды .
Бірінші кезекте, оларға қатысты пробация, әлеуметтік бейімдеу және оңалту қолданылатын азаматтар санаты көмек алатын болады. Жоба бағдарламасына жеке бағдарлама кіреді: әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, психологиялық көмек көрсету, қажетті құжаттарды алуға, жұмысқа орналасуға, жалпы және кәсіптік білім алуға жәрдемдесу, зейнетақы мен жәрдемақы ресімдеу, Медициналық және психологиялық көмек көрсету.