
Ж.Ж. деген азамат алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пайдакүнемдік мақсатта автокөлікті қылмыстың қаруы ретінде пайдаланып, екі дана еш жерде тіркелмеген қарулармен оқтарды және мүйіз кесуге арналған қол арамен алдын ала қаруланып, тікелей қылмыстық ниетпен ірі залал келтіре отырып, киікті заңсыз қолға түсіру яғни киік мүйіздерін заңсыз иемдену мақсатында киіктерді мылтықпен ату арқылы заңсыз қолға түсіріп, жойған. Өзінің қылмыстық іс әрекетімен мемлекетке 11 929 500 ( он бір миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың бес жүз) теңгеге ірі залал, яғни материалдық шығын келтіргені үшін сот үкімімен Ж.Ж. деген азамат ҚР ҚК-нің 339-бабының 2 бөлімі 1,2-тармақтары және 5 тармағымен кінәлі деп танып, 3 (үш) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан шектеу жазасына, 5 (бес) жылға аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айрылып жылына 100 (жүз) сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылып сотталған және ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес пробация бақылау белгіленіп сотталды.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-нің Жангелді ауданының пробация қызметінде бас бостандығын шекету жазасын өтеушілер есебінде тұрады. Аталған азамат тұрғылықты жері бойынша, ҚК-нің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 100 (бір жүз) сағаттан мәжбүрлі еңбегін өтеуде.
Қылмыстың өтеуі –жаза.