Арқалық қаласында қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау туралы

Арқалық қаласында қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау туралы


Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Сотталған адам: осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауға; жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын жұмыстарды орындауға міндетті.

Арқалық қаласымен сотталғандарға қоғамдық жұмыстар түрінде жазаларды орындау үшін объектілер бөлінді, бұл тізімге "жасөспірімдерге, әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы", "Арқалық ЖЭК", "Тазарту – Арқалық" ЖШС, "Арқалық – Искер" ЖШС, сондай-ақ қалаға іргелес жатқан мемлекеттік мекемелер мен совхоздар кіреді.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаған сағатпен есептеледі.
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау уақытында негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан асырмай орындалады.
Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға қоғамдық жұмыстар күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан асырылмай орындалады.

Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оған жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді. Арқалық қаласының пробация қызметі: сотталғандарды есепке алуды жүргізеді; оларға жазаны өтеудің, сондай-ақ жазаны өтеуді бақылаудың тәртібі мен шарттарын түсіндіреді; жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылайды.