«Участок» жедел алдын алу іс-шарасы

«Участок» жедел алдын алу іс-шарасы

ҚР ІІМ нұсқауларын орындау, сондай-ақ пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны кезеңінде «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасын (бұдан әрі-«Участок» жедел алдын алу шарасы) өткізеді.

«Участок» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында пробация қызметінің қызметкерлері Лисаков қаласының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп есепте тұрған адамдарды 100 % аулаларды аралауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша бірлескен баянат жасалды.

Сондай-ақ, «Участок» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Лисаков қаласының пробация қызметінде есепте тұрған «бас бостандығын шектеу» санаты бойынша сотталған Н жұмыс орны бойынша тексерілді. Сотталған  текскеру кезінде жұмыс орнында болды, онда «Поликом» ЖШС-де күзетші ретінде ресми түрде жұмыс істейді. Бүгінгі күні сотталған адамның тұрақты табысы бар, сол арқылы өзінің барлық шығыстарын өтейді.