
Қостанай қаласы пробация қызметінің сотталғандары үшін психологпен және жастар ресурстық орталығымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты - жеке қасиеттерді дамыту, өмірлік құндылықтарды бағалай білуге үйрету. Баяндаманың басты кейіпкері - кәсіби тәжірибелі психолог, арт-терапевт, волонтер Владимир Вадимович Алексанин болды. Ол сотталғандарға өзі туралы, жұмысы, қиындықтары мен оларды жеңу және олармен қалай күресу керектігін айтты. Қарым-қатынас барысында сотталушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді қойып, өмірлік өзін-өзі анықтау және өмірлік құндылықтар туралы талқылады. Қызықты және табысты адамдармен қарым -қатынастың бұл түрі сотталғандарға өз болашағы туралы ойлануға және құндылықтарын қайта қарауға көмектеседі.