
"Жастар ресурстық орталығы" КММ-мен бірге пробация қызметі бөлімінің инспекторлары Лисаков қаласының орталық стадионында нағыз спорттық ойындар ұйымдастырды. Негізгі қатысушылар есепшілер мен олардың отбасы мүшелері болды. Барлығы 10 адам қатысты. Спорттық мереке жаттығулардан , сондай-ақ командалардың сәлемдесуінен басталды, онда басты тапсырма команданың аты мен ұранын ойлап табу болды.
Бұдан кейін, командаларға жүгіру, секіру, доппен және шеңбермен эстафеталық сайыстар ұсынылды, онда олар өздерінің спорттық қабілеттері мен дағдыларын көрсете алды.
Бұл іс - шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, сондай-ақ сотталғандармен тәрбие жұмысының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, - деп түсіндірді ведомствода.