
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2009 жылдан бастап әлеуметтік осал санаттағы балаларды мектепке дайындауға және көмек көрсетуге бағытталған "Мектепке жол" республикалық акциясы өтуде.
Акция аясында Қостанай қаласының пробация қызметінің ұжымы Еленаның отбасына қызы Екатеринаға арналған мектеп керек-жарақтары мен мектеп рюкзактарын сатып алуға көмек көрсетті.
- Он бірінші жыл бойы өткізіліп келе жатқан Акция игі дәстүрге айналды. Егер Қазақстанның әрбір тұрғыны аз қамтылған отбасылардың балаларына бей-жай қарамаса, онда мектептерге бару артады, яғни жалпы білім деңгейі артады, бұл біздің мемлекетіміздің өркендеуіне және дамуына мүмкіндік береді, сондықтан акциялар бір реттік сипатта емес, прогресс болуы тиіс, – деп атап өтті Қостанай қ.БК бастығы әділет майоры Азамат Өтегенұлы Бекішев.
Өз кезегінде, әйел Қостанай қ.пробация қызметінің ұжымына көрсеткен көмегі, мейірімділігі мен қайырымдылығы үшін алғысын білдірді.