УК-161/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға шаруашылық қызмет көрсету жасағында "Қазақстан Конституциясының тарихы"көркем фильмін көрсету ұйымдастырылды.
Фильмді "Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің" қызметкерлері жасап, сотталғандарға көрсетті. Фильмнің көмегімен сотталғандар Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу тарихымен танысты.
Мекеме облыстық мұражаймен тұрақты негізде өзара әрекеттесетінін атап өткім келеді. Әр түрлі жылжымалы және кітап көрмелері өткізіледі, сонымен қатар фильмдер көрсетіледі.
Іс-шара карантиндік шараларды, санитарлық-гигиеналық талаптарды, бетперде режимін ескере отырып және сотталғандарды барынша қамту арқылы өткізілді.