Лисаков қаласының пробация қызметінің инспекторлары есепке алынғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті

Лисаков қаласының пробация қызметінің инспекторлары есепке алынғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.10.2014 жылғы № 1131 «пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысының негізінде Лисаков қаласының пробация қызметінің қызметкері пробация қызметінде «бас бостандығын шектеу» санаты бойынша есепте тұрған сотталған Р. әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті. Сотталған Р. ауыр қылмысы үшін сотталды. Есепке қою кезінде жеке басы толық зерттелді. Сотталғанның жеке басын зерттеу кезінде сотталушының тұрақты жұмыс орны жоқ екендігі анықталды. Осы сәттен бастап сотталған адамды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар қабылданды, жұмыспен қамту орталығының және пробация қызметінің қызметкерлері күн сайын еңбек нарығына мониторинг жүргізді және нәтижесінде сотталған адамға Лисаков қаласының кәсіпорында жұмыс таңдалды.