Конституция күніне орай патриоттық ролик Арқалық қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға көрсетілді

Конституция күніне орай патриоттық ролик Арқалық қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға көрсетілді

Көрсетілімнің мақсаты-патриоттық рухты тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілік, сондай-ақ психологиялық жеңілдік. Видеода еліміздің қалыптасу тарихы, Конституциясы, еліміздің танымал адамдарының ерен еңбегі көрсетілді. "Жастар ресурстық орталығының" қызметкерлері көрсетілімге материалдар дайындап, аталған іс-шараны психологтармен бірге ұйымдастырды.

Кейін сотталғандар роликтер бойынша өз пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ оларды қызықтырған сұрақтар қойды.

Соңында қатысушылар ролик үшін алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.