
УК-161/12 мекемесінде радикалды көзқарастан арылту , оның ішінде сотталғандар қатарынан радикалды идеологиядан сондай-ақ теріс көзқарастардан арылту және алдын алу мақсатында аптасына әр түрлі деректі фильмдер көрсетіліп отырады. Соның бірі бүгін « Жусан - 2 »деректі филмі көрсетілді. Жазасын өтеуші азаматтарға теріс ағымның жетегінде кетіп, бастарын тасқа соққан қаншама адамдардың өмірі осы фильмде қысқаша көрсетілген. Осыған орай теологиялық оңалту жұмысы барысында, діни экстремизм және терроризм идеологияларын, деструктивті діни ағымдардың беделін түсіретін материалдарды жиі көрсетіледі және теолог мамандармен түсіндіріледі.