
Қазіргі уақытта Арқалық қаласының БК қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұйымдастырады және олардың қызметін күнделікті бақылауда ұстайды.Қоғамдық жұмыстардан дәлелсіз себептермен жалтарып жүрген сотталғандар бас бостандығын шектеуге не қамаққа алуға ауыстырылатынын атап өткен жөн.
Қоғамдық жұмыстар-жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрі.