Қостанай ауданының пробация қызметі коронавирустың алдын алу бойынша брошюраларды тарату акциясына қатысты

Қостанай ауданының пробация қызметі коронавирустың алдын алу бойынша брошюраларды тарату акциясына қатысты

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты, тұрғындарға тегін вакцина салынып жатқаны белгілі, осы мақсатта Қостанай ауданында арнайы медициналық автобус келіп, вакцина алмаған тұрғындарға кезексіз вакцина алуға жәрдем берді. Осы шараны қолдау мақсатында Қостанай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар және волонтерларлардың қолдауымен, Қостанай ауданының тұрғындарына инфекцияның қауіптілігі және оның қалай таралатыны, оның алдын алу жолдары көрсетілген брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар алғаш вакцина алып жатқан тұрғындарға, бланкілердің қалай толтыру жолдарын көрсеттік. Осы және басқа да шаралар халық арасында инфекцияның таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.