Шартты түрде сотталғандарғы әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету

Шартты түрде сотталғандарғы әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету

Пробация қызметі қағидаларының бірі – сотталғандарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге әлеуметтік құқықтар жатады.

Прбациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі денсаулық жағдайын анықтай отырып, оның жеке басын, оның білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын анықтайды. Сонымен қатар тұрғылықты жері бар – жоғы зерделенді. Сондай- ақ, әлеуметтік – құқықтық көмектің қай бағытта қажет етілетіндігі анықталады.

Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылатын іс – шара болып табылды. Яғни, пробация қызметкерлері осындай іс-шараның өткізілуіне жәрдем жасайды.

Ол үшін пробация қызметі сотталғанның мекен - жайы бойынша денсаулық сақтау мекемесіне жеке бағдарламаның көшірмесін жолдайды.

Орта білімін аяқтамаған шартты түрде сотталған адамды тұрғылыұты жері бойынша білім беру мекемесіне жібереді.

Құқықтық көмек алу үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін жергілікті атқарушы орагандарға жіберіледі.

Шартты түрде сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде келесідей іс –шаралар жүзеге асырылады:

- үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде жімыс орындары ұсынылады;

- бәсекеге қабілетті кәсібі жоқшартты түрде сотталған адамды ақы төленетін маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына тарту;

- шартты түрде сотталған адамдарды жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастыруда жүзеге асыру болып табылады.

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 292 сотталғанға түрлі бағытта әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетілген.

Қазіргі таңда Қостанай қалалық Пробация қызметінде тұрған барлық сотталғандармен «Ата - мекен» Үкіметтік емес кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып квота бойнша жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.