
Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, Жұмыспен қамту орталығы және Федоров ауданының пробация қызметі бөлімімен ұйымдастырылды.
Іс - шараның мақсаты-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ жазасы қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандарды жұмысқа орналастыру.
Өткізілген жәрмеңке қорытындысы бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірген 10-ға жуық сотталған адамдарға жұмыс орындары ұсынылды, сондай-ақ мамандығы жоқ сотталғандарға түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарынан өту ұсынылды.