
Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Меңдіқара аудандық бөлімінде Меңдіқара ауданы әкімдігінің және прокуратурасының қолдауымен, қоғамнан шектетусіз жаза өтеп жатқан, пробация есебінде тұрған тұлғаларға арналған биометриялық терминал сатып алынып орнатылды. Аталған терминал тұлғаларды жүйелі тіркеу кезінде құжат толтыру қажеттілігінен босатады және тіркеу кезегін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ терминал есепте тұрған тұлғалардың тіркеуге келуін бақылап тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл біріншіден жемқорлық тәуекелдігін болдырмайды және пробация қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Биометриялық терминал тұлғаның келбетін сканерлеу және саусақ іздері көмегімен есептегі тұлғаның жеке басын анықтайды, осылайша электронды форматта тіркеу жүзеге асырылады. Сәйкестендіру 3 метрлік қашықтыққа дейін жүзеге асырылады.