
Жангелдин аудан әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу,сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы арнайы комиссия құрамы мен комияссия мүшелерінің қатысуымен өтті. Бұл отырыста Жангелді ауданының пробация қызметінің 2021 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша қылмыстық жазасын өтеп келгендермен және пробация қызметі есебіндегі азаматтармен жасалған жұмыстар жайлы есеп берілді.