
Өрт мекеменің жанында болды, себебі құрғақ шөптің өртенуі болды. Өртті қызметкерлер байқап, дереу өртті жоюға кірісті. 4 сағат ішінде басшылықпен бірге өрт сөндірілді, бұл ретте жеке құрам жедел түрде өрт сөндіру автокөлігіндегі су қорын тез толтыруға көмектесті.
- Ашық оттың азық-түлік қоймасы ғимаратына ауысуын болдырмау үшін мекеме басшылығы өрт ошағын жоюда ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады, - деп түсіндірді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Асхат Баламбаев. Біз сол кезде кезекші ауысымның барлық күштерін жұмылдырдық.
Өз кезегінде өрт сөндірушілер жеке құрамға батылдық пен жеделдік үшін алғыстарын білдірді.