
Іс-шара бейне конференц байланыс арқылы өтті. Мақсаты-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері сотталғандарды қоғамға әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау.
"Қақпадағы кездесу" әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі. Жұмысқа орналасудан және жүріс-тұрыс ережесінен басқа, сотталғандар үшін психологиялық қолдау, медициналық көмек және құжаттандыру мәселелері бойынша толық көлемде консультациялар өтті.