
Өткен жылдан бастап сотталған Н.Алтынсарин ауданының пробация қызметінде мал ұрлығы үшін есепте тұр. Сот оны 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланғаны үшін жазаны өтеу кезінде оны алкогольге тәуелділіктен емдеу үшін Қостанай облысының мәжбүрлеп емдеу орталығына 6 айға жіберді. Осыған қарамастан, емделуден келгеннен кейін есепте тұрған адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Осыған байланысты сотқа бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберілді.
Сот пробация қызметінің талап-арызын қанағаттандырды, енді ер адам жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.