
Құрбан айт – қайырымдылық пен ізгілік мерекесі. Бұл күндері шамасы жеткен әр мұсылман құрбан шалып, Алла алдындағы міндетін өтейді.
Ұлық мерекенің қарсаңында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті ұжымы мұқтаж жандарға азық-түлікпен көмек көрсетіп, жыл сайынғы дәстүрге сәйкес қайырымдылық акциясын өткізді.
Құрбан айт – құрбан шалу мейрамы рухани тазаруды білдіреді. Құрбан айт мейірімге, татулық пен достыққа уағыздайды. Құрбан айт күндері, дәстүр бойынша, өз жақындарына мейірімділік танытып, мұқтаж адамдарға көмектеседі.