
Пробация қызметінің негізгі бағыттарының бірі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, білім алуға, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Мәселен, өткен жарты жылдықта Қостанай қаласының пробация қызметі Жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру бөлігінде бірнеше рет көмек көрсетті. Қостанай қаласының көші-қон қызметі бөліміне қызметкерлер дереу хат және құжаттандыру бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жолдайды.
- 2021 жылдың 6 айында Менің бекітілген аумағыма жеке басын куәландыратын құжаты жоқ бас бостандығын шектеуге үш сотталған есепке қойылды, тиісінше оларға қажетті жәрдем көрсетілді, - деп түсіндірді Қостанай қ. БК инспекторы әділет лейтенанты А. А. Ыдырысов.
Сотталғандардың қоғамда қайта әлеуметтенуі үшін қажетті туындаған проблемаларды шешуде уақтылы қолдау көрсету өте маңызды аспект болып табылады. Себебі құжат болмаса, адам өзіне қажетті жәрдемақыны ала алмайды, жұмысқа орналаса алмайды, емханаға тіркеле алмайды және т. б.