Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау бойынша сотталғандарды кезекті тексеру Арқалық қаласында өтті

Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау бойынша сотталғандарды кезекті тексеру Арқалық қаласында өтті

Жоспарлы тексеруді Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Арқалық қаласының пробация қызметінің қызметкерлері жүргізді. Рейд барысында барлық сотталғандар қоғамдық жұмыстарды адал атқарып, өз орындарында болғаны атап өтілді. Бұл тексеруді сот үкімі бойынша тағайындалған сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылау мақсатында, сондай-ақ осы адамдардың жазасын өтеуден жалтаруына жол бермеу мақсатында Арқалық қаласының пробация қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде жүргізеді.