Рудный қаласының пробация қызметкерлері сотталғандарды квота бойынша жұмысқа орналастырды

Рудный қаласының пробация қызметкерлері сотталғандарды квота бойынша жұмысқа орналастырды

Пробация қызметі бөлімі Рудный қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту бойынша КММ орталығымен бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Рудный қаласының пробация қызметінің қызметкерлері жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бас бостандығынан шектеуге сотталған сотталушыны жұмысқа отраластыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізді, нәтижесінде есепте тұрған сотталған «СОКОЛОВРУДСТРОЙ» АҚ квота бойынша, төртінші санаттағы тракторист ретінде жұмысқа орналастырылды.

Сооталған Р. қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеп жатқан уақытында өзінің өмірлік басымдылықтарын қайта қарап, шартты түрде мерімінен бұрын босатуға тырысады.