
Заң талаптарын бұзып осындай жағдай тап болғандардың бірін айта кетсек, Жангелді ауданының пробация қызметі есебіндегі, А деген азаматқа жазаны орындау тәртібі мен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдарға жазасын өтеу үшін жіберілді.Заң талабын бұзған азаматтар қылмыс түріне қарай әр түрлі жазаға тартылады, оның ішінде тұрақты жұмыс орны жоқ және оқудан бос бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар жергілікті атқарушы органдармен белгіленген орындарда жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады. Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады. Пробация қызметінің инспекторымен сотталғанға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.