Тегреу изоляторының қызметкерлері жерлесіміз ақын-жазушы Ақылбек Шаяхметтің 70 жас толуына арналған творчестволық кешіне барып қайтты

Тегреу изоляторының қызметкерлері жерлесіміз ақын-жазушы Ақылбек Шаяхметтің 70 жас толуына арналған творчестволық кешіне барып қайтты

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/1 мекемесінің жеке құрамы әлеуметтік- адамгершілік тұлғалық сапасын арттыруға ерекше көніл бөлінеді. Жақында тергеу изоляторының қызметкерлері белгілі қазақ жазушысы Ақылбек Шаяхметтің 70 жылдығына арналған шығармашылық кешінде қонақта болды.
Жазушы, журналист-публицист, ақын, драматург, аудармашы Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 1951 жылы 17 маусымда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забеловка ауылында дүниеге келген.
Қазақ мектебінде оқыған. Ақылбек Шаяхмет 1983 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. "Астана-Бәйтерек" республикалық байқауларының жеңімпазы (2007 және 2008 ж.)
Алғашқы өлеңдер кітабы 1977 жылы жарық көрді, 25 кітаптың авторы, оның ішінде танымал "Пирамида", "менің орбитам", "Жер-бесік" атты кітаптары бар.
Оның қаламында Наурыз мерекесіне арналған пьесалар бар. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптардың авторы. Олардың кейбір шығармалары оқулықтарға енгізілген.
Кеш соңында қызметкерлер мерейгермен әңгімелесіп, шығармашылық кештен алған әсерлерімен алмасты.