6 ай ішінде Ұзынкөл ауданында 3 сотталған мерзімінен бұрын босатылды

6 ай ішінде Ұзынкөл ауданында 3 сотталған мерзімінен бұрын босатылды

Алғаш рет шартты түрде мерзімінен бұрын босату Францияда 1885 жылы пайда болды. Содан бері бұл институт әлемнің барлық дерлік елдерінде құқықтық жүйелермен (қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен) қабылданды. Оны қолдану гуманизмнің көрінісі болып табылады және сотталғандарды түзету мен қайта тәрбиелеуге ынталандыруға бағытталған.

Бүгінгі күні 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Ұзынкөл ауданының пробация қызметінде есепте тұрған 3 сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, бұл оң сәт болып табылады. Өзін жағымды жағынан көрсеткен Н. сотталғанға қатысты жазаны өтеу шарттарын бұзбады, тіркеу күндері уақытында болды, тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде үйде болды, жазаны өтеу кезеңінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Осының негізінде сот сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды деп санады.