Қостанай тергеу изоляторында Полиция күні аталып өтті

Қостанай тергеу изоляторында Полиция күні аталып өтті

Жыл сайын 23 маусымда Қазақстан Республикасында кәсіби мереке — Қазақстан полициясы күні немесе жай ғана Полиция күні атап өтіледі.

"Қазақстандық Полиция күні-бұл қазақстандық полицияны жанқиярлықпен құрып, оның қатарында еңбек еткендердің барлығына алғыс белгісі. Бұл біздің жастарымызға патриоттық тәрбие беруде тынымсыз жұмыс жүргізіп келе жатқан ардагерлерге деген ризашылықтың көрінісі. Біз қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған жолдастарымызды еске алу алдында бас иеміз. Олар бізбен бірге, олар біздің жүрегімізде",-деді іс-шараны аша отырып, УК-161/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерік Рамазанов.
Ішкі істер органдарының ардагерлері мен тергеу изоляторларының қызметкерлері Ішкі істер органдары жеке құрамының тізіміне мәңгі енгізілгендерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Содан кейін марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстандық Полиция күні-бұл қазақстандық полицияны жанқиярлықпен құрып, оның қатарында еңбек еткендердің барлығына алғыс белгісі. Бұл өз ісіне адал қызмет етіп, халықтың құрметіне ие болған ардагерлерге ризашылық білдіру. Бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған адамдарға құрмет.

Салтанатты шара "Мирас"мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы қатысқан үлкен мерекелік концертпен аяқталды.