Волейбол ойындары Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті базасында өтті

Волейбол ойындары Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті базасында өтті

Қатысушылар ҚАЖД және мекеме қызметкерлері болды. Барлығы 6 команда қатысып, жеңімпаз кубогына таласты. Турнир Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге, сондай-ақ ҚАЖ құрметті зейнеткері Ким Николай Яковлевичті еске алу құрметіне арналды.

Ойындардың ашылуына Кимнің жесірі мен немерелері шақырылды. Отбасы адал күрес пен жарқын эмоциялар тіледі.

Бірнеше сағат бойы командалар кубокты иелену құқығы үшін шайқасты. Айта кету керек, бұл күні жақсы ауа-райы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті. Қорытынды бойынша 1 орынды "УК-161/12 мекемесі" РММ, 2 орынды – "УК-161/1 мекемесі" РММ және 3 орынды – "УК-161/2 мекемесі"РММ командасы иеленді.

- Командалық ойындар ұжымды нығайтуға, қызметкерлер арасындағы тамаша көңіл - күйге, сондай-ақ дене пішінін сақтауға ынталандырады, - деп атап өтті Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Мадий Мұхтубаев.