
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қоғамдық жұмыстар ұғымы бекітілген, олар бойынша сотталған адамның қоғам пайдасына тегін еңбекті орындауы түсініледі, оның түрін қоғамдық жұмыстарды қолдануды жүргізетін органдар тағайындайды.
Қостанай ауданының пробация қызметінің есебінде "К" сотталған тұр, оны Қостанай аудандық соты 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартты. Енді оның алдағы уақыттағы басты міндеті-туған қаласының көшелерін жақсарту.
Айта кету керек, мұндай тәжірибе қайталанған бұзушылықтардың алдын алуға оң әсер етеді, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың санын азайтады.