
ҚР қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуді атқару заңды күшіне енген сот үкімінің негізінде жүзеге асырылады. Оны тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі, сотталғанның негізгі жұмысын, оқуын, жасы мен еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, жергілікті атқару органдары белгілеген орындарда атқарады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар қандайда бір арнайы даярлықтан өтпейді жәнеде белгілі бір біліктілікті таплап етпейтін аумақтарды көріктендіру, тазалау қосалқы арту-тиеу жене сол сияқты қарапайым жұмыстарды орындайды.
Сотталған азамат жергілікті атқару органдары белгілеген орындарда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын заңда көрсетілген талаптарға сәйкес еңбек ақысыз тегін өтеуде.